Monthly Archives: Сентябрь 2024

Үкімет басшысы «Семей цемент зауыты» ӨК» ЖШС-де болды

Опубликовано: 04.09.2024 в 18:13

Автор:

Категории: Без рубрики,Жаңалықтар

Үкімет басшысы 1958 жылы салынған «Семей цемент зауыты» ӨК» ЖШС-де болды.

2016 жылдан бастап кәсіпорын толық жаңғырту курсын алды. Меншікті вагондар паркі сатып алынды, өндірістік қуаттылықты ұлғайту бойынша жаңа желілер енгізілді, екі пештің электр сүзгілерін заманауи жоғары тиімді шаң ұстайтын жабдыққа ауыстыру бойынша экологиялық жобалар іске асырылды.

Зауыттың қуаттылығы жылына 1 150 мың тонна цементті құрайды. Өнімдер қазақстандық нарықта сатылады және шетелге экспортталады.

«Біз орта және жоғары деңгейлі тауарларды өндіруге баса назар аударамыз. Бірақ сонымен бірге бізді барлық жерде қолданылатын цемент, бетон және темірбетон өнімдері сияқты негізгі материалдармен қамтамасыз ететін кәсіпорындар туралы ұмытпау керек. Биыл Үкімет алдына рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндеті қойылды. Бұл құрылыс материалдарына сұраныстың артуына әкеледі. «Семей цемент зауыты» жүйе құраушы кәсіпорындардың бірі және қалаға әлеуметтік көмек көрсететін бизнестің жауапты өкілі болып табылады. Үкімет тарапынан осындай кәсіпорындарды қолдаудың барлық қажетті шаралары қамтамасыз етілмек», —  деп атап өтті Олжас Бектенов.