Monthly Archives: Март 2024

КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ – ӘЗ-НАУРЫЗ

Опубликовано: 23.03.2024 в 12:06

Автор:

Категории: Новости,Социальная ответственность

Наурыз – бірлікпен татулықтың, достықтың төл мерекесі. Көрісумен басталған ұлық мейрам. Тамыры терең тарихымызға көз жүгіртіп, рухани мұрамызды дәріптеуге ұласуда. Адам жанына тек жақсылық ұялататын, тіршілікке шуық шашып, аты сөнген жүректерге нұр құятын, әр кеудеге үміт отын жағатын Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы баршамызға құтты болсын!

SemeyCement зауыты мен «АSIMA» сауда орталығының Наурыз тойына арналған мерекелік шашуынан үзіндіні @semeycement Instagram парақшасынан коре аласыздар.

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Опубликовано: 22.03.2024 в 12:49

Автор:

Категории: Новости

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт — береке әкелсін!

Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

8 НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Опубликовано: 08.03.2024 в 11:38

Автор:

Категории: Новости

Құрметті әйелдер қауымы!

Көктемнің осындай тамаша күнінде Сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Біздің әлемдегі ең керемет құбылыстар – жаңа өмірдің пайда болуы, үй жылулығы, сұлулық пен сарқылмас нәзіктік адамзаттың әдемі жартысымен байланысты. Сіздер, әйелдер — біздің ең үлкен қазынамыз және байлығымызсыздар!

Осы мерекеде сіздерге денсаулық пен махаббат, зор бақыт пен қуаныш, жарқын бұлтсыз күндер және үлкен табыстар тілейміз.
Әрқашан осындай сүйкімді және әдемі болып қала беріңіздер!
Сәттілік серіктеріңіз болсын, барлық жоспарларыңыз бен армандарыңыз орындалсын!

Құрметпен, SemeyCement компаниясы
_____________

Дорогие женщины!

В этот прекрасный весенний день сердечно поздравляем Вас с замечательным праздником – Международным женским днём 8 марта!
С прекрасной половиной человечества связано всё самое лучшее в нашем мире – зарождение жизни, тепло домашнего очага, красота и неисчерпаемая нежность. Женщины – наше величайшее сокровище и достояние!

В этот праздничный день мы желаем Вам крепкого здоровья и любви, огромного счастья и радости, светлых безоблачных дней и больших успехов!
Всегда оставайтесь такими же обаятельными и ослепительно красивыми!
Пусть Вам постоянно сопутствует удача, а все планы и заветные мечты сбываются!

С уважением, компания SemeyCement